"Біз қиын кезеңдерге дайындалуымыз керек": Қазақстандықтарға ескерту жасалды

Уақыты: 24.11.2023
Оқылды: 938
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Қазақстанның банк жүйесінің тәуекелдеріне баға берді.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ХВҚ-ның Монетарлық және капитал нарықтары департаментінің аға экономисі Пьерпаоло Гриппа талдау Қазақстанның банк жүйесі ішкі және жаһандық тәуекелдерге ұшырағанын айтты. Гриппа Астанадағы баспасөз мәслихатында:

" Біз банк жүйесінің шығындары 5-7 жыл ішінде 30 пайызға жоғары болуы мүмкін деп есептейміз. Сондықтан біз қиын кездерге дайындалуымыз керек. Міндетті түрде кейбір сыни жағдайлар туындайды деп айта алмаймыз.  Бірақ мұны жоққа шығаруға болмайды және билік бұған дайын болуы керек», - деп ескертті.

Фото:depositphotos.com