Министрліктер мен әкімдіктердің ресми сайттары ашылмай қалды

Уақыты: 27.11.2023
Оқылды: 574
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстанда министрліктер мен әкімдіктердің ресми сайттары ашылмай қалды. Бұл мәліметті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі  растады, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.

Мемлекеттік органдардың интернет ресурстарының бірыңғай платформасы – Gov.kz дұрыс жұмыс істемей тұрғаны байқалып отыр. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жақын арада сайт қолжетімді болады, - деп жазылған министрліктің ресми жауабында

Фото: pixabay