"Бастықты екінші Құдайдай көруді қою керек" - депутат Мұқаев бас киімсіз жүрген тілшіге ара түсті

Уақыты: 14.12.2023
Оқылды: 596
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Депутат Дәулет Мұқаев телеарнада тікелей эфирге бас киімсіз шыққан тілші жайлы айтты. Депутат қақаған аязда далада бас киімсіз жүру зиян екенін айтты, - деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

"Орысша айтқанда вроде мелочь... Бірақ, ойымды айтпасам болмайды. Ішімде қалып кетпесін) "Этика, эстетика" деген сөздерге кейде жыным келеді. Бүгін Ұлттық арнаның "Таңшолпан" бағдарламасына ТЕDX форматындағы алғашқы эфир қонағы болып, қалың көрерменге баспанаға бағытымды бердім. Кейін жұмысқа келіп, арнаны қоссам мына бір жігіт бас киімсіз, стендап жасап, одан бөлек жұмысшылардан сұхбат алып жүр. Дала деген -31. Оның "ощущается" деп 40-42 көрсететіні тағы бар.

Қысқасы, қай арна болмасын, біздің тілшілерге мынандай аязда бас киім шешуді қою керек. Кигісі-ақ келеді, бірақ арна басшылары бір нәрсе болса "этика" деп шығады. Соны қазбалай берсеңіз, бірде бір жерде шапка кимеу керек деп жазылмаған. Яғни, түсініксіз жазылмаған заң (ұғым) бар", - дейді депутат.

Мұқаев бұл жайтты шетелдегі жағдаймен салыстырды.

"Оларда бәрі жеңіл, қалай бар солай... Бізде ғана әйтеуір рамка, шаблон. Стереотипті бұзуға талпыныбаймыз. Кейде ағысқа да қарсы жүзетін сәттер болады: кезінде Хабарға сюжет жасағанымда (суретті жылжытыңыз) мен шапка кигенім үшін сөз естіп, ақыры болмай сол сюжетті эфирге шығарттым. Себебі денсаулық өзіме керек.

Басшылар айта береді, бас сенікі! Бастықты екінші Құдайдай көруді қою керек. Талай әріптес, журналист таныстардың еміне (сбор) көмектескен кездерім болған. Әлі де бар... Ертең құлақ, бастан суық өткенде, бас киімді шешу керек деген бастығың көмектесе қоймас. Ауырып қалдың ба, ертең-ақ сенің орныңды басатын адам табыла салады. Ең сорақысы, кез келген тілші осындай бір сюжеті үшін 10000-12000 теңге ғана алады. Кезінде мен 7000 теңге алғанмын. Бастықтар ауыса береді, басың ауыспайды! Әр адам денсаулығын ойлау керек", - дейді депутат.

Дереккөз: Massaget.kz
Фото: instagram.com/daulet_mukayev