Су басу қаупі жоғары: Жетісу облысында қар еріп жатыр

Уақыты: 19.12.2023
Оқылды: 439
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Қазгидромет» РМК-ның ауа райы болжамына сәйкес, алдағы күндері Жетісу облысында ауа температурасы +3 градусқа дейін көтеріліп, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ,  тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Осыған байланысты Жетісу облысының ТЖД өзендердегі мұздар еріп, су деңгейінің көтерілуі, таулы аймақтарда қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін екенін ескертеді

Елді мекендерде жауын-шашын мен қардың қарқынды еруіне байланысты аула аумақтарын жергілікті су басып қалуы мүмкін.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында азаматтарға:

үйлердің жанында орналасқан арықтар мен су өткізгіш құбырларды бітеп тастамау, оларды уақытылы тазалау;

балалардың су айдындарына бақылаусыз шығуына жол бермеу, мұзда, тік жағалауларға бару қаупі туралы ескерту;

таулардың қарлы беткейлеріне шықпау;

ауа райының өзгеруін бақылап отыру және «112» телефонынан дауылды ескерту алған кезде елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға кеңес берілді.

Фото: pixabay