Екі бірдей блокты модульді әкімшілік ғимарат қолданысқа берілді

Уақыты: 20.12.2023
Оқылды: 457
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Ескелді ауданында екі бірдей – Қайнарлы және Сырымбет ауылдық округтерінде блокты модульді әкімшілік ғимараты қолданысқа берілді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше бұған дейін әкімдік мамандары ауылдық мәдениет үйінің ішінде отырған болатын.

Бюджеттен аталған нысандардың әрқайсысына толық абаттандыру жұмысымен қоса 50 млн. теңге бөлінді. Ғимараттарды 2 ай көлемінде «Qaz Damu Construction» ЖШС салып берді. Ғмараттардың әрқайсысының көлемі 150 шаршы метрден және оларда қызметкерге арналған қажетті құрал-жабдықтарымен қамтылған 7 кабинеттен бар.

Жалпы Қайнарлы ауылдық округінде 1363 тұрғын, ал Сырымбет ауылдық округінде 1780 тұрғын бар. Мемлекеттік қызметкерлер ауылдық округтердің 3 мыңнан астам тұрғынына электронды ресми өтініш жазу, жер мәселелері бойынша енді жаңадан салынған әкімшілік ғимараттарында қызмет көрсететін болады. Мұнда электронды қызмет көрсету бұрышы да жұмыс істейді. Бұл бұрышта орнатылған компьютерден әр азамат «Электрондық үкімет» порталынан өзіне қажетті анықтамаларын шығарып ала алады, сол сияқты басқа да электронды қызметтерді өз бетімен ала алады.    

Атап өтсек, Ақсу ауылдық округінің әкімдігіне де осындай жаңа ғимарат пайдалануға берілді. Бұл кеңсе де өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышымен қамтамасыз етіліп, тұрғындардың мемлекеттік қызмет алуына қолайлы жағдай жасалған. 

 Фото: Ескелді, Ақсу аудандық әкімдіктері.