Қант қызылшасынан шәрбат жасалады

Уақыты: 16.01.2024
Оқылды: 598
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бал аралары мен балапандарға арналған азық қант қызылшасы шәрбатынан дайындалады. Бірегей өндірісті жергілікті тұрғын Олжас Найзабеков іске қосты.

Ерекше жоба қызылша егілетін алқаптарды ұлғайту және өнімге деген жоғары сұраныс есебінен іске асырылды. Олжас Найзабеков өндірістік екі бөлмені жабдықтады. Мұнда оған қажет барлық техника бар. Бір жерде қант қызылшасы ұсақталады, екіншісінде 10 сағат бойы үздіксіз қайнатылады. Сироп осылай дайындалады. Мұнда негізінен 4 өнім түрі шығарылады. 

Олжас Найзабеков, кәсіпкер: «Біздің табиғи шәрбаты-мыз – кондитерлерге, екіншісі – біздің квасымыз, үшіншісі – табиғи сусынымыз, ал төртіншісі – бал аралары мен тауықтарға арналған азық», – деді. 

Кәсіпкер 1 тонна қант қызылшасын өңдеп, одан 270 келі шәрбат өндірді. Қазір ол арнайы сараптамадан өтіп, сапасын растайтын сертификат алуда. 
Кәсіпкер Ербол Рахатовтың айтуынша, қазір кондитерлік компаниялармен алғашқы келісімдер бар. Бүгінде осы өнімді іске асыру үшін құжаттама дайындалуда. Сату үшін алдымен құжаттама алу керек. Тұтынушылары да жеткілікті. 

Аймақта қызылша алқабы көбеюде. Сондықтан кәсіпкерлер «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несие алып, өз өндірісін ұлғайтпақ. Өткен жылы бұл жобаға 500-ден аса адам қатысқан. Олардың бәрі өз бизнесін ашты.

Айгүл Байжұмақызы
Талдықорған қаласы

Фото: unian.net