Жетісу облысында қаза тапқан сарбаз өліміне қатысты Қорғаныс министрі жауап берді

Уақыты: 19.01.2024
Оқылды: 603
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Жетісу облысы Жаркент өңіріндегі мерзімді қызмет кезінде қаза тапқан сарбаз туралы сұраққа жауарп берді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Министр бұл мәселеге Парламент палаталарының бірлескен отырысында журналистердің сұрағына  орай жауап берді. 

"Біріншіден, марқұмның отбасына тағы да көңіл айтқым келеді. Ауру. Бұл – менингиттің жылдам өтетін формасы. Білесіз бе, әдетте аурудың мұндай формасы тасымалдаушыларда кездеседі. Өкінішке қарай, біз жас жігіттерді әскерге шақырған кезде міндетті анализдердің тізбесінде менингит тасымалдаушыларды анықтайтын талдау жоқ. Біз қазір осы талдау түрін тізбеге қосуға күш салып жатырмыз", – деді Руслан Жақсылықов.

Жақсылықов осы ретте әскерге шақырылған азаматтарды бөлімге келген сәтте менингокок тасымалдаушыларға қарсы тексеру жүргізу туралы шешім қабылданғанын жеткізді. Ол үшін қаражат та бөлінген қазір.  

фото: Қорғаныс министрлігінен