Жайық тағы көтеріліп жатыр

Уақыты: 22.04.2024
Оқылды: 231
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бүгін, 22 сәуірде Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі жалғасуда, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес сағат 8-дегі жағдаймен Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді.

Индербор кентіндегі су бекетіндегі су деңгейі 582 см., деңгейдің +8 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 359см құрайды.

Махамбет кентінің гидропостындағы су деңгейі 706 см., деңгейдің + 7 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 389 см құрайды.

Атырау қаласы гидропостындағы су деңгейі 412 см., тәулігіне + 3 см. деңгейдің көтерілуі су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 221 см құрайды.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

«22 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу 294 м3/с құрайды» делінген хабарламада.

Фото: zakon.kz