Әскерилер қайырымдылық танытты

Уақыты: 20.08.2018
Оқылды: 1096
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорған гарнизоны Әскери полициясы бөлімінің жеке құрамы «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында тұрмысы төмен отбасына көмек берді. 

Биыл әскери қызметшілер тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттағалы отырған Кенжетай Санжарды киім-кешекпен, мектепке қажетті оқу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етті. Санжар үйдегі 2 баланың үлкені. Одан бөлек бұл отбасында 1-топтағы мүгедек 5 жасар қыз бар. Анасы жұмыссыз.
- Әрбір көмек біз үшін қуаныш. Баламды мектепке дайындап, шығынын түгел көтеріп алу тіпті үлкен бақыт, айтар алғысым шексіз, - деді анасы Жадыра.
Талдықорғандық әскери қызметшілер аталған қайырымдылық акциясына жыл сайын атсалысады. Жағдайы төмен, тұрмысы нашар отбасылар үшін демеушілер іздестіріп, қолдарынан келгенше аянбай көмек көрсетуде. 

Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі
департаментінің баспасөз қызметі