БҮГІН - ЖАНУАРЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

Уақыты: 04.10.2018
Оқылды: 1915
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бұл мереке жайлы бәлкім естімеген шығарсыз?! Мақұлықтарға мейірімділік танытатын арнаулы күнді еуропалықтар 87 жылдан бері тойлап келеді. Бүкіләлемдік жануарларды қорғау күні 1931 жылдың 4 қазанында Флоренцияда өткен халықаралық конгресте қабылданды.

Әлемдегі көптеген елдің жануарларды қорғау қоғамы жыл сайын әртүрлі бұқаралық шаралар ұйымдастырады. Жануарлар күнін белгілеудің мақсаты – қоршаған ортаны қорғау қажеттілігін түсіну, жануарларды қорғауға белсенді араласу. Көптеген еуропалық елдерде үй жануары отбасы мүшесі саналады. Олар да адамдармен тең құқылы деп танылады. Мерекенің арғы тарихы 800 жыл бұрын 4 қазанда пайда болған, жануарлардың жебеушісі Францисканың атымен байланысты. Бұл есім Еуропада әлі күнге дейін құрметпен аталады. Ендеше бүгін ғана емес, әрбір күнде жануарларды қорғап, аялап жүрейік. Атам қазақ баяғыдан-ақ жануарды теппеуді, мақұлықтарға қамқорлықпен қарауды үйретіп отырған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"