ЕЛБАСЫ: "ҚЫТАЙ ОЙЫНШЫҒЫНАН ҚАУІПТІ ЗАТ ТАБЫЛДЫ"

Уақыты: 05.10.2018
Оқылды: 1153
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кезекті Жолдауында адам денсаулығына кері әсерін тигізетін, зиянды заттарды қатаң  бақылауда ұстауды тапсырды. Атап айтқанда, дәрі-дәрмек, ауызсу, балалардың ойыншығына қатысты тексерісті күшейту керектігін жеткізді.

"Адамның денсаулығы осындай бақылауды күшейтуден басталмай ма? Сіздер білесіздер ме, Қытай елінде құрастырылған ойыншықтардың бірінен зиянды бояқ, қоспа табылғанын? Балаларға бұл зиянды. Денсаулық сақтау министрлігі, қоғамдық денсаулық сақтау мекемелері бұл мәселені реттеуі керек," - деді Мемлекет басшысы. Азық-түлік пен ауызсудың тазалығына да мән беру қажеттігін айтқан Елбасы Жолдауының әр тармағынан нақты мысалдар келтіріп, министрліктерге тапсырмалар жүктеуде. Ескерте кетейік, Жолдаудың болып жатқанына 56 минут уақыт өтті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"