СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ ЖЕР ҮЙ БЕРІЛДІ

Уақыты: 12.11.2018
Оқылды: 1155
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Ақсу ауданының орталығы Жансүгіров ауылының тұрғыны, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Ермұхан Рысбековке жаңа жер үйдің кілті табысталды. Аудан әкімдігі қоныс иесінің үйіне бірден көмір мен ағаш отынын да түсіріп берді.

Айта кетейік, соғыс ардагері Ермұхан Рысбековке 2013 жылы әкімдік тарапынан бір бөлмелі пәтер берілген. Бұл шаңырақта барлығы 5 адам тұрып келді. Асүйді жатын бөлме, кіре беріс дәлізді асүй қылған отбасы пәтердің таршылығын әбден тартқан. Ардагерге 16 жылдан бері үш баласы бар Данагүл есімді немересі қарап келеді.

- Біз өз тарапымыздан ардагердің өтінішін қарап, үш бөлмелі жер үйдің кілтін табыстадық. Жаңа шаңырақтың  жалпы аумағы - 66 шаршы метр. Қоныс иесі Ермұхан атамыз жаңа үйге көшуіне байланысты қысқа дайын еместігін ескеріп, қатты отынмен және ағашпен камтамасыз еттік, - дейді Ақсу ауданының әкімі  Есім Базарханов.

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагеріне қоныс құтты болсын, іші жанға, сырты малға толсын дейміз.

"ҚАЗАҚПАРАТ"

Алматы облысы