АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Уақыты: 29.11.2018
Оқылды: 1403
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысы әкімінің өкімімен Мақсұт Рамазанұлы ЖАПАРОВ облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мақсұт Рамазанұлы 1979 жылы туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген.

Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады. Жаңа басқарма басшысы алғашқы еңбек жолын Қарасай аудандық экономика бөлімінің бас маманы болып бастаған. Кейін Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылдық округі әкімінің орынбасары, Іргелі ауылдық округінің әкімі болып еңбек етті. 2015 жылдың наурыз айынан бері Қарасай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"