ҚР ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНА - 30 ЖЫЛ

Уақыты: 30.11.2018
Оқылды: 1752
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорғандағы Достық үйінде ҚР Экология саласы құрылғанының 30 жылдығы және Тұңғыш Президент күніне орай «Ардагерім ардақтым» атты экологиялық форум өтті.

Шараның шымылдығы облыстық экология департаментінің басшысы  Қонысбек Байеділовтың сөзімен түрілді.
 – Халқымызда: «Қарты бар ел – қазыналы» деген қанатты сөз бар. Еліміз ежелден ата салтын ұлықтаған, дін мен дәстүрін ұмытпаған ақ жаулықты әжелеріміз бен көнекөз қарияларымыздың ақылын тыңдап өскен, оларды ерекше бағалаған. Өйткені, абыз қариялар – отбасының берекесі, тәрбиешісі, ауылының ұйытқысы, күллі қазақ халқының сарқылмас асыл қазынасы. Иә, қариялар – ұлттың ұлт болып қалыптасуына, жас ұрпақтың дұрыс тәлім алуына, асыл құндылықтарымызды сақтауға, қаймағы бұзылмаған қазақ жұртының  ынтымақ пен береке-бірлікте болуына себепкер тәрбиенің негізі екені хақ. Осыған орай экология саласының өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосқан ардагерлерге алғысымды білдіремін  деген департамент басшысы Елбасының экологиялық ахуалды жақсарту, қалдықтарды жою, онлайн түрде еркін қолжетімді мониторинг жүргізу сынды тапсырмаларының орындалуына кеңінен тоқталды.  
Өз кезегінде сөз алған ардагер эколог Жайлау Әлімбеков экология департаментінің атқарып жатқан жұмысын тілге тиек етіп, жылы лебізін білдірді.
Осыдан кейін ҚР Экология саласы құрылғанының 30 жылдығы, Қарттар, Тұңғыш Президент және Тәуелсіздік күніне арналған бейнебаян көрсетілді.Жиын барысында облыстық экология департаментінің басшысы Қонысбек Ескендірұлы ардагер экологтарды марапаттады. Атап айтсақ, «Құрмет» медалін Аманбек Рахимов, Сейдалы Сариев, Жайлау Әлімбеков кеудесіне тақса, Мәлік Өмірзақов, Бекет Жұмаділов,  Татьяна Тимофеевна, Владимир Иванович, Нұрлан Хайруллин, Кенжебек Дәрібаев, Раиса Павловна «ҚР Экологиясына – 30 жыл» медалімен марапатталды.   
Жиын соңында шараға келген ардагерлер сөз алып, экология департаментінің қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Айдар ҚАЛИЕВ