ЕЛБАСЫ ЖАЙЛЫ ФИЛЬМДЕР КӨРСЕТІЛДІ

Уақыты: 03.12.2018
Оқылды: 1174
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған деректі фильмдерді тамашалады.

Зияткерлік мектептің оқушылары «Назарбаев моделі», «Ұлы даланың Елордасы», «Жаңғыру өзегі», «Уақыт таңдаулылары», «Астана - бейбітшілік, жақсылық пен үміт қаласы», «Әлемге көзқарас» атты деректі фильмдерді тамашалады. Фильмдер оқушыларға елдегі саяси жағдайды және тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекеттің қалыптасуындағы президенттік институттың рөлін толық көлемде көрсетуге мүмкіндік берді, сонымен қоса, саяси қызмет кезеңдерін, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың стратегиялық бастамаларын паш етті.

«Нұрсұлтан Назарбаев - тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы. Қиын өмір жолынан өткендіктен, ол әрқашан жақсылыққа,  алға ұмтылуға, дамуға шақырады. Мен егемен елде дүниеге келдім. Қазіргі таңда адал еңбек еткен адамға барлық жол ашық. Мен мыңдаған жас қазақстандық сияқты болашаққа сеніммен қараймын», - деп Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушысы Дінмұхамед Мансуров өз пікірін білдірді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"