АСТАНАДА Амандық БАТАЛОВПЕН БАСПАСӨЗ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Уақыты: 12.12.2018
Оқылды: 1273
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы облысы әкімі Амандық БАТАЛОВПЕН брифинг басталды.

Республикалық және өңірлік баспасөз өкілдері алдындағы есепті кездесуде Амандық Ғаббасұлы Жетісу өлкесінің жетістіктерін жеке-жеке таныстырып, әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы әңгімеледі.

"Тарих қойнауына еніп бара жатқан 2018 жыл Алматы облысы үшін жақсылығы мен жаңалығы мол жылдардың бірі болды", деп бастады облыс әкімі алғашқы сөзін. Жайдарман жаңалықтарға жекелей тоқталған әкім Елбасының Бес әлеуметтік бастамасы, Райымбек және Кеген аудандары құрылғаны, жаңадан ашылған өндіріс орындары, қант қызылшасы орағы, агроөнеркәсіп жайлы әңгімеледі.

Облыс әкімі Жетісу жерінде Рухани жаңғыру аясында 321 жоба қолға алынатынын атап өтті. Сондай-ақ, "Жетісу жастарының жарқын істері", "Жетісудың жеті кереметі", "Жетісудың жеті өнері" жобалары іске асатынын сөз етті. Брифингте туристік бағытта атқарылған жұмыстар да таныстырылды. Келген қонақтар Жетісудың дәмі тіл үйірер алмасынан ауыз тиді. Сондай-ақ, тегін үлестірілді.

Брифингте журналистер тарапынан тұрғын үй шаруашылығы, ауызсу, су арналарын жаңғырту, облыстық радио ашу, қант қызылшасын өсірудің алдағы жоспарлары, өңірдегі спорт тынысы, "Қорғас" арнайы экономикалық аймағы, "7-20-25" бағдарламасы жайлы сауалдар қойылды.

 

Қуаныш ТҰНҒАТАР
Астана қаласы