КОРОНАВИРУС: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ТОҚТАДЫ

Уақыты: 17.04.2020
Оқылды: 870
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Коронавирустың таралуына байланысты Алматы облысы аумағындағы қалаларда қоғамдық көліктердің қозғалысына тыйым салынды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарлама шықты.

"Құрметті облыс тұрғындары! Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі «Карантин шараларын күшейту туралы» Қаулысына сәйкес, Алматы облысы аумағындағы екінші деңгейлі банктердің бөлімшелері онлайн жұмыс режиміне көшіріледі. Сол сияқты облыс қалаларында қоғамдық көліктер қозғалысы тоқтайды. Түсіністікпен қабылдауларыңызды сұраймыз. Шаралардың барлығы коронавирустың таралуына жол бермеу және халықтың денсаулығын сақтау үшін қабылданып отыр", - делінген хабарлама мәтінінде.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"