КОРОНАВИРУС ӨРШІГЕН САРЫӨЗЕК КЕНТІ КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛДЫ

Уақыты: 18.04.2020
Оқылды: 1442
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының Сарыөзек кенті карантинге жабылды. Бұл жайында Алматы облысының әкімдігі хабарлады.

Коронавирус инфекциясының бірнеше дерегі тіркелуіне байланысты індеттің таралуына жол бермеу мақсатында Кербұлақ ауданының Сарыөзек кенті карантинге жабылды. Бұл туралы ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Е.Ешкеновтің Қаулысы қабылданды.

Аталған Қаулыда карантин кезіндегі шектеулер, санитарлық-дезинфекциялық шаралар туралы егжей-тегжейлі атап көрсетілген. Қаулы талаптарына сәйкес, Сарыөзек тұрғындарының үйден шығуына тыйым салынды. Бір отбасыдан тек бір адамға ғана күніне бір рет азық-түлікке, дәріханаға, бірінші кезектегі қажеттіліктер алуға шығуына рұқсат етіледі.

Карантин режимін бұзған азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады.

Атап өтсек, Сарыөзектегі карантин 17 сәуірден 18-іне қараған түнгі сағат 00.00-ден 1 мамырға дейін созылады деп белгіленген.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды