ТАЛДЫҚОРҒАНДА ТАҒЫ 12 АДАМҒА КОРОНАВИРУС ДИАГНОЗЫ ҚОЙЫЛДЫ

Уақыты: 21.05.2020
Оқылды: 786
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында коронавирус инфекциясымен ауырған тағы 19 адам тіркелді.

Вирусты жұқтыру бойынша Талдықорған қаласында - 12, Кеген ауданында - 4, Талғар ауданында - 2, Қарасай ауданында - 1 жағдай тіркелді.

19 адамның 16-сы белсенді түрде анықталды. 3-уі медициналық мекемеге жүгіну кезінде белгілі болды. Талдау нәтижелері бойынша барлығына COVID-19 диагнозы қойылды. Ауырған адамдар алдын ала оқшауландырылып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.

Олармен байланыста болған азаматтар оқшау орналастырылып, коронавирустың бар-жоғын анықтауға зертханалық тексеруден өтуде. Эпидемиологиялық тексеру жалғасып жатыр.

Бүгінгі күні Алматы облысында инфекцияны жұқтырғандар саны 238-ге жетті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды