​Көрмеге барып қайтты

Уақыты: 07.09.2017
Оқылды: 1108
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Жуырда облыстық экология департаментінің басшысы Қонысбек Байеділовтың бастауымен мекемеміздің бөлім басшылары С.Тобаяқова, Т. Байғуатов, бас мамандар Ә. Асбекова, Д. Нұрқасымов, Ә. Адамбекова, Ғ. Бектұрова және А. Әлиевалар «ЭКСПО – 2017» көрмесін көріп қайтты.

Олар көрмені аралаумен бірге еліміздің экологиялық жағдайын түзеу барысында атқарылып жатқан керемет табыстармен танысып, көңіл көкжиегін кеңітіп оралды.

Олардың көрмеден алған әсерлері де ерекше. Осыған орай Сәуле Тобая­қова «Нұр Әлем» павильонынан алған әсерімен бөліссе, Тілеухан Байғуатов Ұлы Дала елінің баламалы энергия көздеріне бай екенін жеткізе баяндады. Ал  Ғалия Бектұрова көрме қалашығының әдемілігі мен ондағы ғылымның жаңалықтарын тілге тиек етсе, Аида Әлиева  болашақ энергия­сы туралы көргендерімен бөлісті.  Қысқасы, олардың алған әсері, көңілге түйгені бізді де әсерлендірді.

Сейдалы САРИЕВ,

 Алматы облысы бойынша экология департаментінің  бас маманы.