"Біз жол картасы аясында түзету дайындадық": Қазақстанда тағы қандай кредит кешірілуі мүмкін екені айтылды

Уақыты: 26.04.2023
Оқылды: 1070
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Қаржы нарығын реттеу және агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Мәжілісте кредиттерге қатысты алаяқтыққа қарсы қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты, - деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Massaget.kz дерегіне сүйеніп.

Әбілқасымованың айтуынша, агенттік Екінші деңгейдегі банктермен меморандум дайындап, келісім жүргізіп жатыр. Оған сәйкес банк операция алаяқтық деп танылса, мұндай несиелер бойынша сыйақыны есептеу тоқтатылады.

"Ал сотта мұның жалған несие екені және қолданушы бұл қаражатты алмағаны дәлелденген кезде, банк бұл соманы өтейді. Несие толығымен есептен шығарылады, немесе егер ол қолданушының жеке қаражаты болса, банк оны да өтейді", - деді Әбілқасымова.

Сонымен қатар, ол бұл үшін заңнамалық деңгейде белгілі бір өзгерістер енгізу қажетін және депутаттардың қолдауына үміт артып отырғанын айтты.

"Біз жол картасы аясында түзету дайындадық. Ақпараттық қауіпсіздік процедураларын сақтамау салдарынан алаяқтық болса, қаржылық ұйымның залалды өтеу жауапкершілігін заңнамалық деңгейде белгілеуді ұсынамыз. Бұл мәселелерді Парламентке енгізу кезінде қолдау көрсетуіңізді сұраймыз", - деді Агенттік төрағасы.

Фото: ғаламтордан