Жолдар жаңалануда

Уақыты: 06.09.2016
Оқылды: 1612
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Қазір қай өңірге барсаңыз да еңбек­теніп, тер төккен жандардың ісіне қарап көз сүйсінеді. Осы арқылы ел еңсесінің тіктеліп, тұрмыс-тіршілік­терінің оңала баста­ғанын аңғарасың. Ауыл ажары айшық­талып, заманауи үлгіде бой көтеріп жатқан нысан саны да аз емес.

Жаңа жолдар салы­нып, ескіргендерінің қай­та жаңа­ланып жатқанына да  куә боласың. Бір сөз­бен айтқан­да, әлеуметтік жағдай уақыт өткен сай­ын жақсарып ке­леді.

Аталған сала бойын­ша Балқаш ауданында да ат­қа­­рылып жатқан өрелі іс­тер аз емес. Аудандық жолау­шы­лар көлігі және автомобиль жолдары бө­лі­мі мемлекеттік меке­месінің басшысы Сейіт­жан Асылбектің берген мәлі­метіне жүгінсек, өңір­­ге қа­рас­ты елді ме­кен­дердегі жол­­дардың жалпы ұзындығы 215 ша­қырымды құрайды. Биыл осыларды жөндеп, кү­тіп ұстау үшін бюджеттен 316 млн. теңгеден аса қара­жат бөлінген. Қазіргі кез­де бұл қаржы мақсатты жұм­салып, кәдеге жарап жатыр. Ішкі көшелер ғана емес, ау­дан аумағындағы облыстық ма­ңы­зы бар жолдар да жа­салуда. Ал оның жалпы ұзын­дығы 544 шақырым. Оны қал­пына келтіріп, жөндеу үшін де қомақты қаражат қарастырылған. 

Бүгінде Қапшағай – Бақа­нас – Қарой авто­көлік жолы­ның 280-294,8 шақырымы орташа жөн­деу­ден өткен.

Оны «Дортех­монтаж­стр­ой» ЖШС еңбеккер­лері жүзе­ге асырған. Ал «Сұңқар-Қан­шеңгел-То­пар-Құйған» авто­көлік жолының 273-283, 326,5-344,5 шақырымына орта­ша жөндеу жүргізген мер­­ді­гер «Балқаш жол­дары» ЖШС бұл істі 409 млн. тең­геге жа­саған.

Балқаш ауданына бар­ған іссапар кезінде ескірген жол­дардың жа­ңа­ланып жатқа­нын көр­дік. Біз барған сәтте Ба­қа­нас ауылының шеткі көшесін жаңарту бойын­ша құрылыс істері қызу жүріп жатты. Жұмыс­шы­лар жолға тас төсеп, те­гіс­теу ісімен айналысуда. Ауыл тұрғын­дарының ай­туынша, бұған дейін ой-шұқыры көп бұл көшемен жүру мүмкін бол­маған. Енді олар осы жолдың жа­салып жатқанына қуаныш­ты.

Жөндеу жұмысын «Бал­­қаш жолдары» жа­уап­керші­лігі шектеулі се­ріктестігінің еңбеккерлері қолға алыпты. Мұнда ат­қа­рылып жатқан жұмыс­тар жөнінде учаске бас­шысы Келгентай Ошақ­байұлы айтып берді. Күр­делі жөндеуден өтіп жат­қан жол құрылысына он­нан аса адам тартылып, сегіз техника жұ­мыл­ды­рылған. Жұмыс­шы­лар­дың бәрі ауыл тұрғын­дары. Бүгінге дейін Бақанас ауылындағы күрделі жөн­деуден өтуге тиіс бес көше­нің үшеуі қайта жа­салып, пайдалануға бе­рілген. Қал­ғаны қыркүйек айының орта­сына дейін аяқталады деп күтілуде.     

Айгүл  Байбосынова

Бақанас ауылы,

Балқаш ауданы.