ТАЛДЫҚОРҒАНДА ҚАРЫЗ АЛУШЫЛАРДЫҢ ШАҒЫМЫН ҚАРАЙТЫН КОМИССИЯ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Уақыты: 20.05.2020
Оқылды: 818
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Талдықорған қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы (бұдан әрі – басқарма) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының №69 Қаулысымен бекітілген Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын / ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының (бұдан әрі – бағдарлама) іске асыру айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысында екінші деңгейлі банктердің ипотекалық тұрғын үй қарыздарын / ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартуына қатысты қарыз алушылардың шағымдарын қарау мәселелері жөніндегі комиссиясы (бұдан әрі – комиссия) жұмыс істейтіндігін мәлімдейді.

Комиссияның басты мақсаты ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартуына қатысты қарыз  алушылардың шағымдарын қарау болып табылады.

Осыған орай, егер екінші деңгейлі банктерден, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан қайта қаржыландырудан бас тарту хатын алатын болсаңыз және қарыздарыңыз бағдарлама талаптарына сай келсе, комиссияға тиiстi өтiнiшпен бірге қол қойылған келiсiм-өтiнiшпен (келісім-өтініштің нысанын басқармадан ала аласыз) және қарызды қайта қаржыландырудан бас тартқаны жөніндегі хатпен шағымдануыңызға болады.

Комиссияның мекенжайы: Талдықорған қаласы, М.Төлебаев көшесі, 58/64 үй, телефоны: +7 (7282) 55-95-05.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"