Державин қаласы Кенесары болып өзгерді

Уақыты: 20.06.2023
Оқылды: 1876
Бөлім: САЯСАТ

Ақмола облысындағы Жарқайын ауданының орталығы енді Кенесары қаласы болып аталады.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы BAQ.KZ сайтының дерегіне сүйеніп хабарлайды.

Бүгін Державин қаласының атауын қайта атау бойынша жиын өтті. Іс-шара барысында қала тұрғындары дауыс берді. 

Оның қорытындысы бойынша қала атуын Кенесары деп өзгертуге 321 адамның 192-ы дауыс беріп, көпшіліктің қалауы болды.

Сондай-ақ атауды өзгертпеуге 125 дауыс жиналып, 4 бюллетень жарамсыз болған.

Сурет ғаламтордан алынды