Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ПРЕЗИДЕНТ КОРОНАВИРУСҚА БАЙЛАНЫСТЫ 8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ТОҚТАТТЫ

Уақыты: 02.03.2020
Оқылды: 1147
Бөлім: САЯСАТ

Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концерт өтпейді. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ әлеуметтік желіге жазды.

«Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өткізбеу жөнінде шешім қабылдадым. Бұл әлемде коронавирустың таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалып отыр. Ардақты аналар мен аруларға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін», - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды