ТЕКЕЛІДЕ ОҚУШЫ ҚЫЗДЫ ЗОРЛАДЫ ДЕГЕН КҮДІКПЕН ТӨРТ ЖІГІТ ҚАМАЛДЫ

Уақыты: 31.08.2021
Оқылды: 1313
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Текеліде 14 жастағы оқушы қызды зорлады деген күдікпен төрт жігіт қамауға алынды. Бұл туралы "Жетісу" газеті полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Төрт күдіктінің үшеуі - 17 жаста. Біреуінің жасы 18-де. Қазір барлығы да қамауда. Сұмдық жайтқа қатысты Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

«Текелі қалалық полиция бөліміне 36 жастағы Ескелді ауданының тұрғынынан оның 14 жасар қызы зорланғаны туралы арыз түскен. Жедел іздестіру шаралары барысында 4 күдікті анықталды. Олардың біреуі 18 жаста және қалған үшеуі 17-і жастағы Текелі қаласының тұрғындары болып шықты. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс тергелуде, іс бойынша бірқатар саараптамалар тағайындалды. Күдіктілер қамауға алынды», - делінген полиция ақпаратында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"