АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТӨРТ КӨЛІК СОҚТЫҒЫСЫП, БІР АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Уақыты: 30.09.2021
Оқылды: 1170
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

«Алматы-Бішкек» халықаралық жолында төрт көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды. Бұл туралы "Жетісу" газеті полиция департаментіне сілтеме жасап мәлімдеді.

«Көлік апаты «Алматы-Бішкек» тасжолының 44-нші шақырымында болды. Алдын ала болжам бойынша, «Нива-2121» көлігінің 47 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, «Фотон» көлігіне соғылған. Артынша бағанаға соғылып, қарсы бағытқа шығып кетіп, «BMW-525» және «Митсубиси» көліктерімен түйіскен. Оқиға орнында «Нива» көлігінің жүргізушісі мерт болды. «БМВ» көлігінің 22 жастағы және "Митсубисидің" 44 жастағы жолаушысы зардап шекті», - деді полиция өкілдері.

Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"