БАЙСЕРКЕДЕ ЖОЛДАН ӨТІП БАРА ЖАТҚАН ӘЖЕНІ ЖҮК КӨЛІГІ ҚАҒЫП КЕТТІ

Уақыты: 04.10.2021
Оқылды: 1240
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Іле ауданының Байсерке ауылында 81 жастағы кейуананы көлік қағып кетті. Салдарынан қарт әже оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Алматы облысының полиция департаменті жол-көлік оқиғасы таңғы сағат 10:05 шамасында Іле ауданында болғанын хабарлады. «Iveko Magirus» маркалы көліктің 38 жастағы жүргізушісі Байсерке кентінің Школьная көшесімен келе жатып, белгіленбеген орында жолдан өтіп бара жатқан 81 жастағы әйелді қағып кеткен. Кейуана оқиға орнында мерт болған. «Жол апаты фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-тармағы (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, Іле аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады Алматы облысының полициясы.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"