ЕНДІ "БАСА" АЛМАЙСЫЗ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ АВТОЖОЛДАРЫНА "СЕРГЕК" ОРНАТЫЛАДЫ

Уақыты: 05.10.2021
Оқылды: 1147
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысының автожолдарына жол ережесін бұзушыларды қалт жібермей, түсіріп алатын "Сергек", "Автоураган" бейнекамералары орнатылады. Бұл туралы "Жетісу" газеті "Қазавтожол" акционерлік қоғамына сілтеме жасап мәлімдеді.

"Алматы-Бішкек", "Алматы-Көкпек-Қорғас" және "Алматы-Өскемен" жолдарымен жүрген жүргізушілерді полиция бұдан былай бейнекамералар арқылы қадағалайтын болады. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы бөлімшесі директорының міндетін атқарушы Болатбек Айтбаев апат жиі болатын жол учаскелеріне 130-ға жуық камера қойылатынын, қазіргі таңда жол бойына оның тіреу-бағаналары орнатыла бастағанын жеткізді.

Қауіпсіздікті арттыру үшін Алматы облысындағы тас жолдарға шуыл сызығы, жарық бағандары, жол белгілері, стробоскоп, жарық шағылыстыратын құралдар мен күн батареясымен жұмыс істейтін катафот орнату жұмыстары ары қарай жалғасады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"