ТАҒЫ ДА ЖОЛ АПАТЫ: ГҮЛДАЛА АУЫЛЫНДА ЖҮК КӨЛІГІ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІНІ ҚАҒЫП КЕТТІ

Уақыты: 14.10.2021
Оқылды: 1298
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талғар ауданының Гүлдала ауылында ер адамды жүк көлігі қағып, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамның жеке басын тәртіп сақшылары анықтап жатыр. «Сағат кешкі 16:45 шамасында 59 жастағы Алматы қаласының тұрғыны жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жәбірленуші алған жарақаты салдарынан оқиға орнында мерт болды», - делінген полиция хабарламасында.

Оқиға Гүлдала ауылына кіре беріс жерде болған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша тіркелді. Жүргізуші қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"