ЖОЛАШАР ЖОБА

Уақыты: 13.02.2023
Оқылды: 1230
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Мемлекет басшысының кәсіпкерлікке жөнсіз килігуден қорғау жөніндегі тапсырмасына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің бастамасымен «Бизнеске жол» атты жоба іске қосылған болатын. Оның басты мақсаты – кәсіпкер-лердің құжаттар рәсімдеу кезінде кездесетін түрлі әкімшілік кедергілерді оңай еңсеруге, мемлекеттік қызметтердің мерзі-мінде орындалуын және ашықтығын талап етуге құқықтық қолдау көрсетуге негізделген.

Осыған орай, облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов «Атамекен» ұлт-тық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен бірлесіп, жергілікті кәсіпкерлер қауымымен кездесу өткізді. Жиында сөз алған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Мақсат Жебегенов агенттіктің жұмысы ашық әрі адал кәсіпкерлікті қорғауға негізделетінін атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының заңды құқығы мен міндеттерін қорғауға негіз-делген. Мысалы, сыртқы жарнаманы орналастыру жөніндегі талдау жұмыстарының нәтижесі бойынша 125 шағын және орта кәсіпкерлік нысаны жергілікті атқарушы билік тарапынан бұзылған өз құқын қорғап шықты. Олардан 2 миллион теңгеден астам қаржыны салық есебінен негізсіз алу жоспарланған. Осыған орай мемлекеттік кірістер департаментінің бастамасымен олардың жұмысына іштей сараптама жасамақпыз. Одан бөлек, кәсіпкерлік үшін жер бөлудің мәселелері кешенді тексеріліп жатыр. Мұндағы басты мақсат – мемлекеттік қызметті жетілдіру, олардың мерзімін қысқарту, өтініштерге жасалған негізсіз бастартуларды анықтау және сыбайлас жемқорлық тәуекелін болдырмау. Сондай-ақ, кәсіпкерлікке қолдау көрсету үшін «Бизнеске жол» жобасы іске қосылып, кәсіпкерлердің алдынан шығатын түрлі кедергілерді еңсеруге көмек көрсетіле бастады. Сол арқылы кәсіпкерлердің алдын орайтын нақты мәселелерді шешуге кірісеміз, – деген Мақсат Жебегенов көпшілікті мазалаған сауалға жауап берді.

Жиынға қатысушылар пікірлерін ортаға салып, өздерін толғандырған мәселелерді шешуге қажетті ұсыныстарды тыңдады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облыстық департаменті кәсіпкерлерді күнделікті таңғы 9.00-ден кешкі 18.30-ға дейін Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 46/32 мекенжайында орна-ласқан Antikor Ortalygy ғимаратында қабылдайды.

М. ӘСЕТҰЛЫ