"Барлығы жазаланады": Тоқаев өрт кезінде тиісті органдар жағдайға салғырт қарағанын айтты

Уақыты: 11.06.2023
Оқылды: 1388
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қасым-Жомарт Тоқаев Семей орманындағы өрттен қаза тапқан марқұмдардың отбасы мүшелерімен кездесуде кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Министрлік және басқа да тиісті органдар апаттың ауқымы бойынша қате болжам жасаған. Шұғыл шаралар қабылдап, өртті сол жерде өшіруі, кем дегенде оқшаулауы керек еді. Оны істемеген. Жағдайға салғырт қарады, біліктілік танытпады. Барлығы жазаланады», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Тағы оқыңыз: "Мемлекет басшысы ретінде кешірім сұраймын": Тоқаев орман өртінен қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі