"Заң бәріне ортақ": Ішкі істер министрі Жетісу облысы ПД бастығын қызметінен босатты

Уақыты: 15.11.2023
Оқылды: 555
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жуықта Жетісу облысы орталығы Талдықорғанда болған қоғамда резонанс тудырғаны белгілі. Аталған оқиғаға байланысты Ішкі істер министрі Ержан Саденов арнайы құралған қызмет тобымен Жетісу облысына келді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Сала басшысы облысқа арнайы сапары аясында өңір полициясының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Тәртіп пен заң төңірегіндегі қызметтік ұстаным жайлы сөз болды.  

Аталған жиынға облыс әкімі Бейбіт Исабаев та қатысты.

Ел азаматтарының конституциялық құқықтарын  қорғайтын полиция қызметкері үшін заң мен тәртіп бірінші орында болуы керек. Құқыққа қайшы келген азаматтар мен полицейлердің заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылуы тиіс. Заң бәріне ортақ, - деп атап өтті министр Ержан Саденов.

Фото: көрнекілікке алынды