ӘСКЕРИ ГОСПИТАЛЬДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚ: БАСШЫ МЕН МЕДБИКЕ СОТТАЛДЫ

Уақыты: 24.12.2020
Оқылды: 1094
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талдықорған қаласында екі лауазымды қызметкер істі болып, оларға сот үкімі оқылды. Бұл туралы "Жетісу" газеті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Атап айтқанда, Талдықорған әскери госпиталінің бастығы жемқорлық үшін сотталды. ​Алматы гарнизоны әскери сотының үкімімен Талдықорған қаласы әскери госпиталінің бастығы, медицина қызметінің полковнигі А.Көлбаев 11 млн.теңге айыппұл арқалап, сотталды. Сондай-ақ, аталған аурухананың аға медбикесі А.Азимахуноваға 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы берілді.

Аталған тұлғалар госпиталь қызметкерінің жеке еңбек шартын ұзартумен байланысты қызмет бойынша жалпы қамқорлықты жүзеге асыру сылтауымен COVID-19-ға қарсы күрестегі жұмысы үшін оған түскен үстемақының 50 пайыз мөлшерінде 1 млн.теңге сомасында алдау және сенімін теріс пайдалану жолымен ақшалай қаражат алды деген күдікке ілінген. Полковник А.Көлбаев өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан да айырылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан