АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЕҢ ТАНЫМАЛ ПОЛИЦЕЙІ КІМ? ӨТКЕН ЖЫЛҒА ШОЛУ

Уақыты: 30.12.2020
Оқылды: 1039
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Өткен жылы Алматы облысында қай полицей танымал болды? Бұл сұраққа Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді.

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында өз-өзіне қол жұмсау дерегінің алдын алу кезінде желіде «Менің есімім – Баха» деген сөзбен танымал болған полиция командирі Бақыт Жарқынбеков Қарасай ауданы полиция басқармасы патрульдік полиция ротасы командирінің орынбасары болып қызмет атқарады. «Ол соңғы үш жыл ішінде осы лауазымда жұмыс істейді және ең үлгілі қызметкерлердің бірі. Полиция майоры Жарқынбеков қызмет еткен жылдары өзін парасатты, шапшаң және қайырымды қызметкер ретінде көрсетті. Өзінің ерлік істері үшін биыл ол ҚР Ішкі істер министрінің атынан медаль алды», - деді Қарасай ауданы полиция басқармасы ЖПҚБ бастығы, полиция подполковнигі Ғазиз Кәрімов.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 8 қаңтарда түсте Қаскелең қаласындағы бес қабатты ғимаратта газ жарылысы болған. Нәтижесінде, сегіз адам жарақат алды, олардың төртеуі бала. Сондай-ақ, ол түн ортасында жанған және бес адам зардап шеккен «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің тұрғындарын жалыннан құтқарды.

Бұдан бөлек, Жарқынбеков өзіне-өзі қол жұмсау әрекетінің екі дерегінің алдын алды. Полицейдің сауатты іс-әрекетінің арқасында зардап шеккендердің саны айтарлықтай азайды. «Менің ойымша, бұл – менің барлық әріптестерімнің және маған осындай тәрбие берген әкемнің еңбегі. Жеке өзім мұны ерлік деп санамаймын, бұл - парызым және менің тікелей міндетім!"- деді патрульдік полиция ротасы командирінің орынбасары Бақыт Жарқынбеков.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан