АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНА АЛҒЫС ХАТ КЕЛІП ТҮСТІ

Уақыты: 04.01.2021
Оқылды: 2293
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысының  полиция қызметкерлеріне тұрғындар атынан Алғыс хат келіп түсті. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылының тұрғындары Алматы облысы полиция департаментінің бастығына хат жолдаған. Онда олар жергілікті полицейлерге, атап айтқанда, полиция бастығы орынбасарының міндетін атқарушы, полиция майоры А.Есімбековке, полиция майоры Н.Сейсембековке, тергеуші К.Сабалақовқа, жедел уәкіл А.Тұрашев пен А.Мұқашевқа ұрлықты ашуда көрсеткен көмегі мен кәсібилігі, сондай-ақ, полицияға жүгінген кезде Ескелді ауданы тұрғындарының азаматтарына әдепті қарым-қатынас пен моральдық қолдау көрсеткені үшін алғыс жариялауын сұраған.

Алғыс хат Ескелді аудандық полиция басқармасы тәртіп сақшыларына күнделікті, күрделі және жауапты еңбектері үшін лайықты марапат. Өз кезегінде полиция департаментінің бастығы тұрғындардың пікірін назардан тыс қалдырмай, ерекшеленген қызметкерлерді көтермелеуге ұсынды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"