ТӘРБИЕ БАСТАУЫ

Уақыты: 26.02.2018
Оқылды: 1002
Бөлім: ТҮПСАНА

Рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды шығармашылықпен саралап, қабылдай білуіміз керек. Әрбір білімгер өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүру жолдарын үйренуге тиіс. 
Қоғам дамуы білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын қажет етеді. Ендеше сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беретін мамандарды даярлайтын біздің білім беру ұйымдары Елбасы қойып отырған талаптарға сай болуы тиіс. Соған орай көптеген жұмыстар жүргізіліп, жастардың үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізуде өңірімізде келелі жұмыстар атқарылуда. 
Ұлттық сананың қалыптасуы талбесіктен басталады. Балаға қандай жақсы тәрбие берсең, өскенде сондай саналы болып өспек. Сондықтан тәрбие беру жұмыстарының қашанда басты назарда болғаны жөн. 
Жаңақұрылыс ауылындағы «Айгөлек» балабақшасының ұжымы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын әрбір педагогикалық  кеңесте талқылап, ондағы көрсетілген бағыттар бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Тәрбиешілердің негізгі мақсаты – сол ұяда өсіп жатқан бүлдіршіндерді  ұлттық рухта тәрбиелеу. Соған орай біздің мамандар жыл бойына балабақшаларда әртүрлі тақырыпта семинарлар, іс-шаралар  өткізуді басты назарға қойып отыр. Бүлдіршіндердің ой-санасын дамытуды мақсат еткен ұлттық ойындар мен спорттық шаралар, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты насихаттауға бағытталған дәрістер өткізіледі. Мұның бәрі баланың, жалпы ұлттың болашағына үлкен әсер етеді деп ойлаймын. 
Ұлт жоспарын орындауға ұстаздар қауымы қосатын үлес – жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, оны Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға сай орындау деп білемін.

Гүлмира Сейполдаева,
«Айгөлек» балабақшасының меңгерушісі
Жамбыл ауданы