ТАЛҒАР АУДАНЫНДА АРЫСТАН АСЫРАП ОТЫРҒАН ҚОЖАЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 09.02.2021
Оқылды: 1109
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Талғар ауданында шаруа қожалық иесі арыстан асырап отыр. Бұл туралы "Жетісу" газеті Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Талғар ауданының полиция басқармасына Бесқайнар ауылындағы шаруа иесі арыстан асырайтыны жайлы хабарлама келіп түскен. Тәртіп сақшылары шағым бойынша белгіленген мекенжайды тексеруге барғанда ақпарат расталды. Арыстан қоршауға қамалған. Аңның иесі - Алматы қаласының 28 жастағы тұрғыны.

Полицейлер жыртқыш аңды заңсыз ұстау бабы бойынша аталған фактіні тіркеді. Жануар алдағы уақытта бір жерге орналастырылғанша арнайы қолхатпен иесінің қолында болады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"