Аудандық Мәдениет үйінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ақындар айтысы өтті

Уақыты: 23.05.2016
Оқылды: 2496
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Мәдениет және тілдерді дамыту, білім бөлімдері мен Мәдениет үйі ұйым­дас­тырған айтыста негізінен өлең сөздің ерен жүйрігі, ақын Есенқұл Жақып­беков­тың Жамбыл мен Қара­сай аудан­да­рындағы жас шәкірттері сөз қағыс­тырды. Сон­дай-ақ, Райымбек ауданынан айтыста жарқ еткен жұлдыз Оразалы Дос­бо­сы­новтан тәлім алған ақын қатысты.

Ұлтымыздың төл өне­рінің туын жел­бі­рет­кен­дердің ара­сын­да мектеп оқушылары да, рес­пуб­ли­калық айтыстарда төбе көр­сетіп, қалың көрер­мен­ге таныла бастаған ере­сек­теу қыз-жігіттер де бол­­ды. Қазақтың қара дом­­бырасын жанына серік етіп, жұрт алдында кестелі сөзбен өрнек өрген 16 ақын ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қазақ жұр­тының еркіндігін әс­пет­теп, ұлттық құндылық­тар­ды ұлықтау жайын қоз­ғады. Бірін-бірі әзіл-қал­жың­мен қағытып, суы­рып­сал­малық қа­бі­леттері сы­нал­ды. Ой жүйріктігі мен көр­кем тілге шешендігін бай­қасқан сегіз жұптың іші­нен тауып айту шеберлігі жоғары бағалан­ған­дары екін­ші айналымға жіберіліп, үздіктері анықталды.

Сөз сайысының қоры­тын­ды­сын­да әділқазылар алқасының төр­ағасы, ҚР Мә­дениет қайраткері, жыр­шы Жылбек Тоқтасынов бас жүлдені Үшқоңыр ауылынан кел­ген Аяу­лым Жұмабекқызына тап­сыр­ды. Екі бірінші орын­дарды сам­сылық Жалғас Садырұлы мен Қас­тек ауы­лының өрені Қаныбек Мұ­­са­хан жеңіп алды. Екінші орын бәйге­леріне қарасайлық Алтынбек Ибра­гимов пен Жамбыл ауданы, Қарға­лы ауылы Қ. Әбсәметов атын­дағы орта мектеп оқушысы Мәди Тө­ле­ген ие болды. Үшінші орын­дар қар­ға­лы­лық Ақбота Манар­бекке, Райым­бек ауданынан кел­ген Қы­зыр Далабаевқа және айтыс сах­насына тұңғыш рет шы­ғып отыр­ған 8-сынып оқу­шы­сы, самсылық Пәкиза Арыстанға берілді.

 

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Жамбыл ауданы