3 қыз, 3 жүлде

Уақыты: 09.12.2023
Оқылды: 2682
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Бокстан 2007-2008 жылы дүниеге келген жасөспірім қыздар арасында Арменияның Ереван қаласында әлем чемпионаты өтті.

Бұл жаһан жарысында ел атынан сынға түскен жетісулықтар жақсы нәтиже көрсетті. 

Жалпы әлем чемпионатына 58 мемлекеттен 360 спортшы қатысты. Еліміздің алғашқы алтынын жетісулық, 54 келіде бокстасқан Аяжан Сыдық алды. Ол финалда үндістандық Амиша Керкеттадан 5:0 есебімен басым түсті. Одан бөлек Сила Биболсынқызы (48 келі) мен Құралай Егінбайқызы (80 келі) қола медаль алды.

Серік Қантай