ҚАПШАҒАЙ ТРАССАСЫНДА 34 ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛДІ КӨЛІК ІШІНДЕ ӨЛТІРІП КЕТТІ

Уақыты: 06.12.2020
Оқылды: 1178
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Алматы облысында 34 жастағы әйелді көлік ішінде өлтіріп кетті. Бұл туралы «Не молчи» ұйымының Facebook парақшасында жарияланды.

Оқиға бойынша, күйеуі әйелі мен 1 жастағы қызын ертіп, Қапшағай тас жолындағы «Магнум» сауда орталығына барған. Қайтар жолда «түзге отырамын» деген күйеуі 300-400 метр елсіз жерге бұрылған. Ер адамның айтуынша, ол көліктен шығып, қайтып келгенде әйелі өліп жатқан.

Алматы облыстық полиция департаменті өлімге кінәлі күдіктілер ұсталғанын мәлім етті. «Қазір бұл қылмысқа күдікті ретінде 37 жастағы және 34 жастағы екі ер адам ұсталды. Олар аса ауыр қылмысты жасағанын мойындады», - деді полиция өкілдері.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"