Адамзаттың басты борышы – ұрпақ өрбіту. Бірақ, бүгінгі таңда отбасылардың сәбилі болу мүмкіншілігі азайып барады. Оны біз емес, денсаулық сақтаушылар айтып, дабыл қағуда. Медицина мамандарының айтуынша, жылына еліміз бойынша 160-170 мың неке қиылатын болса, соның 15-20 пайызы нәресте сүйе алмауда. Оның салдарын мамандар ауаның ластануы, жыныстық қатынасқа ерте түсіп, түрлі сырқаттар жұқтыру, қабыну аурулары, дәрі-дәрмек ішу және жүйкенің шаршауы, бала сүюді тым кеш жоспарлау және тағы басқа себептермен түсіндіруде. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының пайымдауы бойынша нәресте сүймеу себептерінің 30 пайызы әйелге, 30 пайызы ерлерге және қалған 40 пайызы екеуіне де байланысты. Бедеуліктің зардабын шегуші ерлі-зайыптылардың әке және ана атану бақытына қол жеткізуіне «ЭКОMEД» адам ұрпағын өрбіту емханасы септігін тигізуде. Сәби сүюдің заманауи мүмкіншілігі жайлы «ЭКОМЕД» адам ұрпағын өрбіту клиникасының ғылыми директоры, репродуктолог-эмбриолог, биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқароваға жолығып, бірнеше сауал қойған едік. Мақалада әйелдердің көкейінде жүрген мәселелерді қозғауға тырыстық. Сұрақ-жауапқа зер салыңыз.
– Әйел денсаулығы өте күрделі құрылым. Ондағы кілтипанды зерттеу, зерделеу біраз уақытты алатыны сөзсіз. Отасқаннан кейін қанша уақытта бала көтермесе дәрігерге тексеріле бастаған жөн? Бедеуліктің себептері неде?
– Егер еркек пен әйелдің арасында бір жылдың ішінде сәби болмаса, жұбайлардың медициналық тексеруден өткені дұрыс. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының зерттеуінше, бедеуліктің жиырмаға тарта себебі анықталған. Ерлі-зайыптылардың балалы бола алмауында ер мен әйелдің денсаулығынан болатын кінәраттың үлесі бірдей. Әйелдерде негізінен жатыр түтікшелерінің жоқтығынан немесе олардың өткізу қабілетінің бұзылуынан, гормоналдық жетіспеушілік және бұрын аборт жасаудың әсерінен орын алуы мүмкін. Кейбір жағдайларда ерлі-зайыптылардың репродуктивті жүйесінің көрсеткіштері дұрыс болса да иммунологиялық сыйыспаушылықтың әсерінен жүктілікке жол берілмейді. Бедеулік – денсаулығы жақсы, бір-бірімен сәйкес келетін ерлі-зайыптылардың арасында да орын алады. Оны идиопатиялық немесе түсіндіруге жатпайтын бедеулік дейді.
– ЭКОМЕД орталығы жүктіліктің болуына қандай кепілдік береді?
– Қалыпты жағдайда адамдарда жүктілік үрдісі төмен. Жиырма жастағы денсаулығы жақсы әйелде бір айда бала көтеру мүмкіндігі – 15-20 пайыз, 30 жаста – 10 пайыз, ал 40 жаста – 5 пайыз. Денеден тыс ұрықтандыру және эмбрионды жатырға қондыру әдістерінде аналық бездерді ынталандырудың нәтижесінде бұл көрсеткіш екі есе артады, яғни 30-40 пайызға дейін барады. Әрине, ғылым бір орында тұрмай дамиды, жаңа технологиялар, әдістер құрал-жабдықтар жаңаруда. Біз уақыттың көшінен қалмай, сол жаңалықтардың жақсысын, пайдалысын сұрыптап, өз жұмысымызға енгізіп отырамыз. Емдеу барысын терең талдау, көп жылдық тәжірибеміз бен әрдайым ізденіс үстінде болуымыз және шетелдік мамандармен тығыз жұмыс істеудің нәтижесінде өзімізге тән емдеу әдістерін пайдаланамыз. Соның бірі әйелден алынған биоматериалды немесе денеден тыс ұрықтанған эмбрионды аса қауіпсіз әдіспен қатырып қойып, әйел ағзасын арнайы дайындықтан өткізуді көздейтін «Алтын протокол» тәсілі. Бұл әдістің көмегімен емдеу 70-80 пайызға дейін кепілдік береді. Әрине, бұл өте жақсы көрсеткіш. 100 пайыз кепілдікті әлемдегі бірде-бір денеден тыс ұрықтандыру орталығы бере алмайды.
– Денеден тыс ұрықтандыру жайлы ақпарат берсеңіз. Ол қалай жүзеге асырылады?
– Денеден тыс ұрықтандыру – аналық ұрықты аталық ұрықпен денеден тыс, яғни «құтыда» ұрықтандыру. Бұл тәсіл бүгінгі күнде бедеуліктен нәтиже шығарудың ең тиімді және нәтижелі әдісі болып табылады. Аталмыш әдіс – әйелдің жатыр түтікшелері жоқ немесе өткізу қабілеті бұзылған жағдайда, еркек бедеулігінде, эндометриоз жағдайында, аналық бездердің дұрыс жұмыс атқара алмауында, бедеуліктің себебі табылмаған кезде қолданылады. ДТҰ әдісінің негізгі кезеңдері: аналық бездерін гормоналдық дәрілермен күштілеп ынталандырып, фолликулдардың пункциясы арқылы аналық ұрық алу. Аналық ұрықты күйеуі немесе донордың ұрығымен ұрықтандыру, эмбриондарды жатырға орналастыру, қажет болса қалған эмбриондарды қатырып қоюға болады.
– Денеден тыс ұрықтандыру баланың денсаулығына кері әсер етпей ме?
Сіздерге емделушілер қайда, қалай хабарласуға болады?
Гүлжан Тұрсын