АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ІНДЕТ ЖҰҚТЫРҒАН 43 АДАМ РЕАНИМАЦИЯДА ЖАТЫР

Уақыты: 20.10.2021
Оқылды: 1041
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында пандемия басталғалы бері барлығы 54 мың 139 адамның коронавируспен ауырғаны расталды. Оның ішінде, соңғы тәулікте ауырғандар саны – 135, өсім деңгейі 0,2 пайызды құрады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Аудан-қалаларға бөліп айтсақ, Талдықорғанда – 44, Еңбекшіқазақ ауданында – 15, Панфилов ауданында – 14, Жамбыл ауданында - 10, Талғар ауданында – 9, Қаратал ауданында – 8,  Балқаш ауданында – 6, Ұйғыр ауданында - 5, Қарасай ауданында, Қапшағай қаласында – 4-тен, Іле, Көксу аудандарында, Текелі қаласында – 3-тен, Ескелді, Кеген, Кербұлақ аудандарында – 2-ден,  Ақсу ауданында – 1 жағдай тіркелді.

Пневмония бойынша 7880 жағдай анықталды. Соңғы тәулікте өкпе қабынуымен Еңбекшіқазақ (4), Қарасай (7), Кеген (1) аудандарында және Талдықорған қаласында (7) жалпы саны 19 адам ауырған.

Бүгінгі мәлімет бойынша ПЦР тәсілімен 1 058 131 адам зертханалық тексеруден өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны – 6508.

Бүгінде барлығы 1104 адам стационарлық ем қабылдауда. Ауруханаға бір тәулікте 122 адам түсті. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі – 46,6 пайыз. Жансақтау бөлімінде 43 пациент жатыр, соның 4-еуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

COVID-19-ға қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 789 394 адам алды, 2-ші компонентімен 710 719 адам егілді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"