ЖАСЫЛ ЖӘНЕ САРЫ АЙМАҚТАРДА БЕТПЕРДЕ ТАҒУ РЕЖИМІ ТОҚТАТЫЛДЫ

Уақыты: 13.03.2022
Оқылды: 1659
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Денсаулық сақтау министрі Ажар ҒИНИЯТ коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына қатысып, COVID-19-ға қарсы шектеу шараларының одан әрі жеңілдегені туралы хабарлады.

Жалпы елдің және барлық өңірлердің "жасыл аймақта" болуын, эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруды ескере отырып, комиссия "сары" және "жасыл" эпидемиологиялық қатер аймақтарында орналасқан өңірлердегі барлық объектілерінде мынадай шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады:

- Ashyq мобильді қосымшасын міндетті түрде қолдану; 
- әлеуметтік қашықтықты сақтау туралы талаптар; 
- міндетті термометрия туралы талаптар. Сондай-ақ, эпидемиологиялық қауіп-қатері бар аймақтарда далада бетперде міндетті түрде тағу тоқтатылды.

Қосымша тағы да:

- COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін күндізгі режимде жұмысқа рұқсат беруді шектеу (қызмет көрсету саласының объектілері) алынып тасталды;
- вахталық әдіспен жұмыс істейтін ұйымдардың қызметкерлері үшін вахтаға кіру және шығу кезінде ПТР әдісімен міндетті зертханалық тестілеуден өту тәртібі күшін жойды.

Қазіргі кезде вакцинациялауға жататын ересек халықтың бірінші компонентпен қамтылуы 82,7%-ды құрады. Ал екінші компонентпен жалпы халықтың 79,5% егілді. Бүгінгі таңда ревакцинацияны 2 млн.906 мың адам немесе тиісті халықтың 51,9% алды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"