ҚАРА ОРМАНДАЙ ЕЛ БОЛСАҚ...

Уақыты: 02.06.2016
Оқылды: 2119
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

ҚАРА ОРМАНДАЙ ЕЛ БОЛСАҚ...

Арманымыз – қара ормандай қауым болу. Батаның басы да  ұрпағың өссінмен  жалғасатыны  сондықтан.  Көбеюдегі мақсат – атадан қалған ұлан-байтақ далаға, Алтайдан Атырауға дейінгі  аралыққа  өрен-жаранымызды  кеңінен қоныстандыру.   «Көп қорқытады, терең батырады» демекші,  аздығымыздан жасқанбай,  көптігімізбен мақтанып,  арқаны кеңге салып, өсіп-өну. Жеріміздің кеңдігімен ғана емес,  ұландарымыздың  өрістілігімен де  еңселену.  Єйтсе де тағдыр біздің ұлтты єрқашан сынаққа алып отырған.  «Мың өліп, мың тірілген» қазекемнің өсіп-өнуіне кедергі көп болды. Бүгінгі бас ауыртуымыздың бірі – экологиялық жағдай. Ауаның ластануы. Экологиялық салдар – болашақ ата-ананың денсаулығын єлсіретіп, сондай-ақ, іштегі шарананың жетілуіне кері єсер етуде. Сондықтан, елімізде жұқпалы аурулардың таралуын зерттейтін медициналық география ғылымын дамыту мєселесі тұр. Аталмыш ғылым  қоршаған ортаның   ағзаға  тигізетін єсерін зерттейді.

    Тіршілік иесі  мен табиғат – егіз ұғым. «Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі» деген  тємсіл сондықтан айтылған.  Табиғат қорларын  пайдалану барысында ауаны  өзіміз ластаймыз.  Содан кейін барып  кері єсерлердің зардабын шегеміз. Жерімізде сандаған жылдар бойы сынақ жүргізілді.  Атомдық жєне химиялық өндірістің, ядролық сынақтың салдарынан еліміздің көптеген өңірі экологиялық дағдарысқа ұшырады.  Арал  теңізі, Семей полигоны,  Батыс Қазақстандағы Азғыр, Тайсойған жєне Ресеймен шекаралас «Капустин Яр»  апатты аймақ болып саналады. Қоршаған ортаның  ластануының єсерінен адам тєнінде тектік жєне хромосомдық өзгерістер пайда болады. Генетикалық ауытқушылықтың салдарынан  жұмыртқа жасушаларының 50 пайызы  өледі. Кей жағдайда белсіздікке ұрындырады. Генетикалық зардап шегудің соңы денедегі  немесе  жан дүниедегі кемістікке апарып соғады. Зерттеушілердің айтуынша, қоршаған ортаның радиоактивтік, химиялық заттармен ластануынан   балалардың 10 пайызы, яғни єрбір 1 млн. баланың 100 мыңы дертке шалдығады екен.

Ағзаны дертке ұрындыратын улы заттарға не жатады?  Олардың зияны қандай? Осы сұрақтарды тєжірибелі   гинеколог Асылхан Бектемісқызына қойған едік.

– Адам мен басқа да тірі ағзаларға тєн емес, бөтен заттардың саны бүгінде 4 млн.-нан асып түсті. Олардың қатарына канцерогендер де жатады. Бұл – қатерлі ісік туғызушы. Бүгінде канцерогеннің 500 түрі анықталған. Мутагендер хромосоманың саны мен құрылымын өзгертеді. Оларға рентген, гамма-сєулесі жєне кейбір  вирустар жатады. Тератогендер дамуда кемістікке, (құбыжық)  кемтарлыққа єкеліп соқтыратын заттар.  Эмбриогендер   өсіп келе жатқан  ағзаны зақымдандырушы, – дейді ол.

      Тєжірибелі дєрігердің сөзінен түйгеніміз, жүйке, қан айналым жүйесі, ас қорыту мүшелерінің патологиясына судың сапасыздығы, ауаның ауыр металдар мен мұнай өнімдері буымен ластануы єсер етеді екен. Қатерлі ісік ауруының 75-80 пайызы химиялық заттардың  салдарынан пайда болатын көрінеді. Ауаның ластануы  мен дєрі-дєрмекті ретсіз пайдаланудың кесірінен шарананың аяқ-қолы дамымай,  мүшелері жетілмей  түсік тастау жиі орын алатын көрінеді.

Демографияға экологиялық жағдайдың тигізетін єсері жайлы мақаламызды жазу барысында облыстық перинатальдық орталықтың директоры Қанат Жұмашевқа жолығып, ана мен бала денсаулығының облыстағы жай-күйін айтып беруін өтінген едік.

–                           Шынын айту керек, экологиялық жағдай мен техникалардың  шараналардың денсаулығына зардабын тигізіп жатқаны рас. Қазір дүниеге сєби єкелетін аналар аз қозғалады. Компьютер мен телефонды ұзақ пайдаланудың  да зияны жетіп артылады. Содан кейін бұрын-соңды көрмеген көкөністерді тұтынудамыз. Олардың қайдан єкелініп жатқаны, қандай жерде өсірілгені белгісіз.  Бүгінде жаңа туған сєбилерде ең көп кездесетін сырқат – жүрек патологиясы. Яғни, кардиологиялық сырқат.  Кей сєби ас қорыту жүйесінің ақауы, бүйрек сырқаты жєне ішегі жабысып қалған күйі дүниеге келуде. Сүйегі қисайып туатындардың қатары азаймай отыр. Жамбас, аяқ-қол сүйектерінің жетілмеуі жєне буындары сєйкес келмейтін балалар тууда.  Іште жатқанда ұршығы шығып кеткен балалар бірден ота жасауға жіберілуде.  Қазір 14-15 жастағы жасөспірімдердің босануы белең алып барады.  Олардың ағзасы  сєби көтеруге  єлі дайын емес. Ерте босанған қыздардың көбі темекі шегіп, сыра ішетіндер. Сондай-ақ, қорқор шегетіндер де кездеседі. Біз баланың кемтар болып туғанына не себеп болғанын пайымдау мақсатында анасының өмір сүру салтын зерттеп көреміз.  Сонда аналардың бала көтеруге немқұрайды қарағандығына кує боламыз. Көбінің ағзасында  жұқпалы аурулар бары анықталады. Бала көтерген ана энергетикалық сусынды мүлде ішпеуі тиіс. Ең өкініштісі, кемтар болып туған балалардың біразы емделмейтін дертке душар болған.  Оған сал жєне даун сырқаттары жатады. ¤ткен жылы тоғыз айда Талдықорған өңірі бойынша 4380 бала дүниеге келсе, биылғы осы мерзімде 4456 шарана  туыпты.  Бала туу көрсеткіші жайлап болса да өсіп келеді. 

         Мекеме басшысы  Қанат Қалиқанұлының айтуынша, жылына жаңа туған нєрестелердің  20-30 шақтысы бірден емдеу орындарына жіберіледі екен. Сондай-ақ, ай-күніне жетпей босанып қалып жатқандар көбейген көрінеді.  Бұл да экологияның салдары. Мерзімінен бұрын туған  сєбидің ағзасында  кем-кетік көп болады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, адамдардың денсаулық жағдайының 50–52 пайызы өмір сүру салтына, 20–25 пайызы тұқым қуалау салдарына, 18–20 пайызы  қоршаған орта жағдайына, ал 7–12 пайызы ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты екен. Ендеше,  қоршаған ортаның ластануына жол берілмеуі керек.      Біріккен ұлттар ұйымының мєліметінше,  єлем бойынша жер көлемі үлкен,  бірақ адамдары өте аз қоныстанған алғашқы үш елдің бірі – Қазақстан (1 метр2 жерге 5,5 адам) екен.

Халық санының аздығы елдің экономикалық єл-ауқатынада қатер төндіреді. Тұрғындардың аздығы  инфрақұрылымның одан єрі дамуына  кері єсерін тигізеді.  ¤ндіріс  тұтынушылық єлеуетінің єлсіздігіне байланысты  өркендей алмауы мүмкін.  

Қазақ халқы жас ұлтқа жатады. Елімізде 9 жасқа дейiнгi балалар 22  пайызды құрайды. Ал тұтастай алғанда, 19 жасқа дейiнгiлер 43,9 пайыз, алпыс жєне одан жоғары жастағы тұрғындар үлесi 6,1 пайыз.  Есептік орташа  жас – 25.  Яғни, қазақ халқының басым бөлiгi өмірге ұрпақ єкелуге қолайлы жастағылар.

Түйін орнына: Қазақстанның бір жылдағы  демографиялық өсім мөлшері  300 мың  адам. Дүниеге сєби єкелетін жастағы єйел-еркектің жєне өмірге келген нєрестелердің  денінің саулығына єлі де қамқорлық қажет.  Мемлекеттік деңгейде шешілуі тиіс маңызды шаралардың бірі – халықтың экологиялық тұрғыдан қауіпсіздігін сақтау.  Олай болмаған жағдайда  көбеюіміз жайлы үмітіміздің ақталуының ауылы алыстап кететін сияқты. Мақала жазудағы мақсат-мүддеміз қара ормандай ел болсақ деген ой.

Гүлжан ТҰРСЫН