КОРОНАВИРУС: ДҮЙСЕНБІДЕН БАСТАП МЕКТЕПТЕРДЕ САБАҚ БОЛМАЙДЫ

Уақыты: 12.03.2020
Оқылды: 1335
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Қазақстанда мектеп оқушылары коронавирус қаупіне байланысты уақытынан бұрын демалысқа шығады. Бұл жайында Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов журналистермен өткен баспасөз мәслихатында айтты.

- 2020 жылдың 16 наурызынан 5 сәуіріне дейін орта білім беру мекемелері уақытынан бұрын демалысқа шығады. 16 наурыздан бастап техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері мен жоғары оқу орындары қашықтықтан оқыту түріне көшеді, - деді вице-Премьер. Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте коронавирусқа байланысты Қазақстанда қабылданып жатқан шаралар, қауіпті індеттен сақтану жолдары, әуе рейстерін қысқарту, жиындарға тыйым салу мәселелері айтылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды