КОРОНАВИРУС: КЕГЕН АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНА ОТТЕГІ СТАНСАСЫ ҚОЙЫЛДЫ

Уақыты: 08.12.2020
Оқылды: 1058
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Кеген ауданында коронавирустың екінші толқынына қарсы қажетті іс-шаралар қолға алынып, тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді.

Жалпы, Алмас Тілеулиев жетекшілік жасайтын аудандық орталық аурухана тәжтажалдың екінші толқынына дайын деуге болады. Екінші деңгейлі жұқпалы аурулар бөліміне 10 төсек қойылған. Қосымша 15 төсек бар. Оның бірі – реанимациялық төсек. Қажет болған жағдайда емхана ғимаратындағы төсектер саны алпысқа дейін ұлғайтылады.

Инфекциялық аурулар бөлімі емхана ғимаратының екінші қабатына орналастырылғандықтан медицина қызметкерлеріне арналған бөлмелер қайта жабдықталды. Жуынатын орындар әзірленді.

Емхана ғимаратына 50 нүктелік оттегі стансысы қойылды. Жалпы, аурухана екі айға жететін дәрі-дәрмек қорымен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда ауруханада 61 дәрігер, 246 медициналық қызметкер еңбек етуде. Сөз орайында айта кету керек, аудандық аурухана заманауи жылжымалы медициналық кешен, жаңа "Жедел жәрдем" көлігімен қамтамасыз етілді. Аудан әкімі Талғат Байеділов емхана ғимаратына қойылған оттегі стансысының іске қосылуына қатысып, дәрігерлер ұжымына жүрекжарды тілегін жеткізді.

Қанат БІРЖАНСАЛ

Кеген ауданы

Алматы облысы