ҚАЗАҚСТАНДА 1041 БАЛА КОРОНАВИРУС ДИАГНОЗЫМЕН АУРУХАНАҒА ТҮСКЕН

Уақыты: 14.12.2020
Оқылды: 1107
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Денсаулық сақтау министрлігі 14 желтоқсанда коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты тың ақпарат жариялады.

Денсаулық сақтау министрлігінің "Қазақпаратқа" шыққан мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 13 998 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1041 бала бар. Стационарларда 4139 науқас жатыр. 21828 адам амбулаторияда емделіп жүр. Жалпы, науқастардың арасында 240 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде, 35 науқастың жағдайы аса ауыр. 40 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Еске сала кетсек, кеше Қазақстанда 802 адам коронавирустан жазылды. Елімізде барлығы 126 182 науқас аталмыш індеттен айықты.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"