Жерлесіміз Азия чемпионы атанды

Уақыты: 14.04.2023
Оқылды: 1086

Жетісулық Санжар Досжанов еркін күрестен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Елордада өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында сарқандық балуан Санжар Досжанов Азия чемпионы атанды.

Ол 70 келіге дейін салмақта күресті. Финалда өзбекстандық Зафарбек Отакхоновты сенімді ұтты.

Сарқандық балуан 1/8 айналымда оңтүстік кореялық Сук Хон Паркты таза ұтқан. Сосын, қырғызстандық Орозобек Токтомбетов өте тартысты белдесу өтті. Жерлесіміз бұл айқаста да үстем түсіп, жартылай финалға шықты. Осыдан кейін Санжар ирандық Мортеза Хассанәліні сенімді жеңді.

Былтыр Моңғолияда бұл салмақта күрескен Ұлттық құрама өкілі Сырбаз Талғат қола медаль жеңіп алған болатын.

Бұл күрестен Қазақстан құрамасының осы Азия чемпионатындағы төртінші алтыны.