Велоспорт: Отандасымыз бірінші болып келді

Уақыты: 11.06.2023
Оқылды: 695

Тайландтың Районг қаласында тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін 23 жасқа дейінгі велошабандоздар арасында отандасымыз Андрей Ремхе мәре сызығын бірінші болып кесті.

Ол белгіленген 30 шақырымды 36:11.058 секундта бағындырды. Одан кейін қытайлық Жу Цзиньян мен үндістандық Мұхаммед Энди Ройан келді.  Бірнеше күн бұрын аралас командалық сында (микс) Ұлттық құрама чемпион атанған. Ол кезде Қазақстан құрамасы сапында Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Игорь Чжан, Махаббат Үмітжанова, Рината Сұлтанова және Марина Куьзмина жарыс жолына шыққан. 

Жалпы Районгта сары құрлықтағы 27 елден келген 700-ге жуық велошабандоз ересектер арасындағы 42-ші, жастар арасындағы 29-шы, 11-ші пара Азия чемпионатында сынға түсіп жатыр. Мұнда Париж Олимпиадасына қажет рейтинг ұпайлары сарапқа салынады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"